Kaspi Жұма 12-15 ақпанда өтеді

99
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1AR2NM6NZmeOp3yU0rJ4DUxx20BlyBME3O0iWjnk.jpg

Ақпан айында күн ұзарып, көктем жақындай түседі. Көптеген қазақстандықтар Наурыз мерекесі мен 8 Наурыз мерекесіне дайындықты бастап кетті: сыйлық таңдап, киім-кешектерін жаңартып, жөндеу жұмыстарын жоспарлап, саяжайға баратын кездерін де ойластырып жатыр.

Барша жұрт көктемнің қарсаңында өзін және жақындарын пайдалы әрі жағымды сыйлықтармен қуанту үшін Kaspi.kz тағы да Kaspi Жұма науқанын өткізеді. Барлығы жақсы көретін тиімді сатып алу мерекесі 12, 13, 14 және 15 ақпанда өтеді.

Kaspi Магазинде сатып алушыларға 50%-ға дейін жеңілдік пен көтеріңкі бонус беріледі!
Kaspi Жұмаға Adidas, ADILI, EuroMebel, KIMEX, «Комфорт», «Арман», Mon Amie, Pandora, Tommy Hilfiger, Calvin Klein, Diesel, Sulpak, Technodom, Zeta, 1Fit, «Француз үйі», COPA Store, L'Occitane, Intertop, «Белый ветер», Shoqan cияқты және басқа да танымал дүкендер мен брендтер қатысады.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау.

Инновациялардың орталығында – елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz. Оны шамамен 15 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады, ол елдегі электронды сауда, төлем және қаржылық жетекші сервистерді қамтиды.

Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметі бар тиімді онлайн зат сатып алып, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаржыларын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi.kz бизнес үшін де Kaspi Pay суперқосымшасын әзірледі, оны Қазақстандағы шамамен 700 мыңға жуық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық сауда және жеткізу платформасына қосылады, оның көмегімен тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.

Гарвард Бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын әзірледі, оны бірнеше жылдан бері магистратура студенттері оқып келеді.

댓글
기타 기사