Белсенді Оразалы Ержанов қамауға алынды, қылмыстық іс қозғалды

167
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/y8Hfd0AJJazNv6SZ2DHSJ9GFIiAr7ZTdwf9YgS8z.jpg

Алматыда қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратылып, референдумға бойкот жасауға шақырулар жарияланған. Осыған байланысты «сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген

«Күдікті – Алматы қаласының тұрғыны. Ол ұсталды. Оның әрекеттеріне құқықтық баға тергеу нәтижесінде беріледі», – деп хабарлады ведомство.

Полиция өкілдері азаматтардың өз пікірін білдіруі заң бұзушылық емес екенін атап өтті. Алайда жалған ақпарат тарату, қоғамды адастыру немесе сайлау процесіне кедергі келтіру заңмен жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Бұған дейін Оразалы Ержановтың 10 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болған.

Соңғы уақытта Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесіне қатысты сын айтқан азаматтар мен белсенділерге қатысты бірқатар жағдайлар тіркелгені хабарланған.

댓글
기타 기사