Тоқаев араб елдеріне қолдау білдіріп, әскери әрекеттерді айыптады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xqog0fxeW76F3BCZm42n4PafSLKFXeBVjCGP2VC1.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Қатар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына осынау қиын-қыстау кезеңде шынайы қолдауы мен тілектестігін білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысы достас әрі бауырлас елдердің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлық әскери әрекетті батыл айыптайды.

«Қазақстан халықаралық күрделі проблемалар мен қарулы қақтығыстардың бәрін тек дипломатиялық жолмен шешуді ұдайы жақтайды»,- делінген хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бауырлас араб мемлекеттеріне қал-қадерінше көмек көрсетуге дайын екенін айтып, аталған елдердің басшыларымен тұрақты қызметтік қарым-қатынас жалғасатынына үміттенетінін жеткізді.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға соққы жасаған болатын. Ислам Республикасының астанасы Тегеранмен бірге Исфахан, Құм, Керманшах, Табриз, Шираз қалалары да шабуылға ұшырады. Шабуылға жауап ретінде Иран Израильмен қатар Құрама Штаттардың әскери базалары орналасқан Қатар, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктеріне баллистикалық зымырандар жіберді. Жарылыс жаңғырығы Кувейтте де естілді.

댓글
기타 기사