Иранда қаза тапқандар саны 787 адамға жетті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1U5R8G9qi5PDkm1KwAStHkoR7mSmevFxTHxsT0pn.webp

Иран Қызыл Жарты Ай қоғамы АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 787 адамға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Tasnim агенттігі жариялаған мәліметке сәйкес, елдің 153 елдімекеніндегі 504 нысанға жасалған соққылар нәтижесінде жүздеген адам көз жұмған. Қазіргі уақытта қираған ғимараттардың астында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендер саны нақты нақтыланбаған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына әуе соққысын жасаған. Бұған жауап ретінде Иран Таяу Шығыстағы АҚШ әскери базалары мен Израиль аумағына зымырандық шабуылдар ұйымдастырған.

Қақтығыс салдарынан елдің кейбір жоғары басшылары қаза тапқан еді. 

 

댓글
기타 기사