Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GelBnDWCWPe9x043sGwwskgX1qOFgzhOsgECggbU.jpg

Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 м классикалық спринт дисциплинасында 2 минут 29 секунд  уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесіп өтіп, қысқы Паралимпиада ойындарының  қола жүлдегері атанды.

Жарыста  бірінші орынды  қытайлық Лю Цзысюй(2:28.9), ал  екінші  орынды  бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера (2:29:9) иеленді.

Аталған дисциплинаның іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының спортшылары Юрий Березин, Анна Грачова, Нурлан Алимов және Владислав Кобаль да өнер көрсетті. Алайда олар іріктеу кезеңінен өте алмады.

Ертең ұлттық құраманың спортшылары осы спорт түрінен 10 км интервалды жарыс бойынша бақ сынайды.

댓글
기타 기사