Трамп Иран басшыларын өлтіруді «үлкен мәртебе» деп атады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wP3vtkRUAG6TT3ZrbYhdGLNgtG8r1BTXd4YuGxhX.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран лидерлерін «ақылынан адасқан жаман адамдар» деп сипаттап, оларды өлтіру ол үшін «үлкен мәртебе» екенін мәлімдеді. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Трамп өз хабарламасында АҚШ-тың «Ирандағы террористік режимді толық жойып жатқанын» жазып, «біздің оқ-дәрі мен от күшіміз шексіз, ал уақыт көп -  бүгін осы ақылынан адасқан жаман адамдарға не болатынын көресіздер» деді.

«Олар 47 жыл бойы әлемнің түкпір-түкпірінде кінәсіз адамдарды өлтірді, ал мен, АҚШ-тың 47-президенті, енді оларды өлтіремін. Бұл қандай үлкен мәртебе?!» – деді Трамп.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы соғыс бастады, нәтижесінде Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи мен бірнеше жоғары лауазымды әскери қызметкер қаза тапты.

Оның ұлы және мұрагері Моджтаба Хаменеи АҚШ-қа жақын одақтастардың базаларына соққыларды жалғастыратынын мәлімдеді. Ол соғыс басталғанда, әкесінің, әйелі мен баласының қаза тапқанын да айтқан болатын.

댓글
기타 기사