Таяу Шығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау аяқталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Жалпы алғанда елге 10 275 қазақстандық қайтарылған.
Азаматтарды эвакуациялау әртүрлі бағыттар арқылы, оның ішінде әуе және құрлық жолдарымен жүзеге асырылған.
«Қазақстанның өңірдегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерлерде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды үйлестіріп, отандастармен тұрақты байланыста болып, Қазақстан азаматтарына қажетті көмек көрсетті. Сыртқы істер министрлігі отандастарымыздың елге қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге көрсеткен қолдауы үшін мемлекеттік органдарға және шетелдік әріптестерге алғыс білдіреді»,-делінген хабарламада.
