Алғашқы қорытынды. Референдум бойынша exit-poll нәтижесі жарияланды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/eXaqfBiJE1y2VVl7Y6PhkGpuj4v0WcR9mL0YZu69.jpg

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі жарияланды. Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген, деп хабарлайды "Адырна".

Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll – референдум учаскілерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді.  

Сауалнама 200 референдум учаскісін қамтыды, оның ішінде 129 – қалаларда, 71 – ауылдық жерлерде орналасқан. 

Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысты, оларға арнайы даярланған интервьюерлер face-to-face әдісімен сұхбат жүргізді.

Зерттеу нәтижелерінің қателігі әдетте 1 пайыздан аспайды.

댓글
기타 기사