Иранда «Басидж» басшысы мен Қауіпсіздік кеңесі хатшысының қазасы расталды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dmYSjyoSrfGKthPEYYV6zFk0WHlLC5lh63dfeUtc.jpg

Иран «Басидж» әскерилендірілген құрылымының қолбасшысы Голамреза Сүлеймани мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджанидің қаза тапқанын растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі DW-ге сілтеме жасап.

Ислам революциясы сақшылар корпусының ресми сайтында Сүлеймани «террористік шабуылдың құрбаны болды» деп көрсетілген. КСИР өкілдері оның өлімі үшін кек алу ниетінен бас тартпайтынын да айтқан.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі де өз хатшысы Әли Лариджанидің қаза тапқанын растады. Бұған дейін бұл жоғары лауазымды екі тұлғаның мерт болғаны туралы Израиль қорғаныс армиясы хабарлаған болатын, алайда Тегеран бұл ақпаратты бірден растаған жоқ.

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Сүлеймани 16 наурыз күні Тегеранға жасалған дәл соққы нәтижесінде қаза тапқанын мәлімдеді. Айтуынша, Лариджани де әуе соққысы салдарынан мерт болған.

Иран президенті Масуд Пезешкиан Лариджанидің өлімі үшін «кек алатынын» айтты.

Айта кетейік, «Басидж» құрылымы КСИР-ге бағынып, ішкі қауіпсіздік қызметін атқарады, соның ішінде үкіметке қарсы наразылықтарды басумен айналысады.

Бұған дейін Әли Лариджани ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді бақылап, Тегеранның негізгі серіктестерімен, соның ішінде Ресей, Катар және Оман елдерімен байланыс орнатқан еді.

댓글
기타 기사