"Өзімді жүйеге қажет емес адамдай сезінемін..." Пезешкианның пікірі Тоқаевтың дегенін нақтылай ма?

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vPjpH6pQmUX67LOwF95Y8QvWqNczDmyzfC6u1mk3.webp

Иранда ел президенті Масуд Пезешкианның қызметінен кетуі мүмкін екені туралы ақпарат тарауда. Бұл мәліметтер ресми түрде расталмағанымен, бірқатар дереккөздер оның билік ішіндегі шектеулі рөліне байланысты осындай қадамға баруы ықтимал екенін айтады, деп хабарлайды "Адырна".

Мәліметтерге қарағанда, ирандық ықпалды саясаткер Әли Лариджани қайтыс болғаннан кейін Пезешкиан отставка мәселесін қарастыра бастаған. Ол бұл шешімді талқылау үшін Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеимен кездесуді жоспарлағаны да айтылуда.

Алайда Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) араласқаны хабарланды. Израильдің 12-арнасының мәліметінше, бұл кездесу мүмкін болмаған. Бұл дерек ресми түрде расталмағанымен, елдегі билік тармақтары арасындағы ықпал күресі туралы пікірталастарды күшейтті.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, Пезешкиан өзінің жақын ортасында елдегі нақты өкілеттіктерінің шектеулі екенін ашық айтқан.

«Олар (КСИР) маған іс жүзінде ештеңе істеуге мүмкіндік бермейді. Елдегі негізгі процестерден, әсіресе әскери және стратегиялық шешімдерден толық шеттетілгенмін. Маған тек формалды қызмет берілген. Кей жағдайларда Жоғарғы көшбасшымен байланысып, өз пікірімді жеткізу мүмкіндігім де жоқ. Осындай жағдайда мен өзімді бұл жүйеге қажет емес адамдай сезінемін», - деген ол.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда Иранды айтып, қос биліктің болмауы керегін және Қазақстан оны өткергенін еске салған болатын.

“Иранда діни билік негізгі бағыт-бағдарды айқындап, шешім қабылдайды. Президент те бар, бірақ ол — формальды мемлекет басшысы, іс жүзінде ықпалды тұлға саналмайды. Жалпы, кез келген елде, соның ішінде Қазақстанда қос билік болмауға тиіс. Кезінде мұндай жүйені біз де бастан өткердік, бірақ баянсыз болды. Төрт жыл бұрын еліміздің ішкі тұрақтылығына қауіп төнді. Бұл Қазақстанға да, басқа мемлекеттерге де үлкен сабақ болды деп ойлаймын. Біз Иран халқына, оның мәдениеті мен тарихына құрметпен қараймыз. Сондықтан өз ұстанымымыздан айныған жоқпыз, әрдайым бейбітсүйгіш ел болып қала береміз”, - деген еді Президент.

 

댓글
기타 기사