Бердімұхамедов Қазақстан басшысына әуеден хат жолдады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KkqPeUyHuUtZbDmEImrf4TcBVetiY3EPvV80qNAB.jpg

Құрбанқұлы Бердімұхамедов Қазақстан Президентіне жылы лебіз жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Түркіменстанның халық мәслихаты төрағасы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейресми хабарлама жолдады. Хабарлама түркіменстандық көшбасшының ұшағы Қазақстан аумағы арқылы ұшып бара жатқан сәтте жазылған.

Хатында Қазақстанның көктемгі табиғатының көркем көріністерімен бөлісті. Тау-тас, көлдер мен шексіз жасыл далаларды ұшақ тереңінен тамашалаған ол ұлы қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың өлең жолдарын келтірген.

Түркіменстан басшысы хатында қазақ халқына деген достық, бауырластық сезімін білдіріп, Қазақстанның жетістіктеріне қуанышпен қарайтынын атап өтті.

«Қазақстанның Сіз басшылық еткен кезеңдегі стратегиялық реформалары мен өзгерістеріне бауырластық қолдауымды білдіру ешқашан кеш емес», – деп жазды Құрбанқұлы Бердімұхамедов.

댓글
기타 기사