23 наурыз – Тазару күні. Экологиялық акция өтеді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/YH8CFea89AyFe58QwRsP3Zp9dGfSgqnHmrqZXCmL.jpg

Ертең, 23 наурызда «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясы аясында, еліміздің барлық аймақтарында Наурызнама шеңберінде «Тазару күніне» орайластырылған аумақтарды тазарту бойынша эко-акция өткізіледі.

 «Тазару күні» - бұл қоғам табиғи жерлер мен қоғамдық аумақтарды қоқыстардан тазартуға күш салатын күн. Бұл қоршаған ортаны таза етудің жолы ғана емес, сонымен қатар табиғатқа қамқорлық пен экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетеді. Тазару күнінде «Мөлдір бұлақ», «Таза өлке», су айдындарын тазалау және ағаш отырғызу шаралары өткізіледі.

 Біз барлық азаматтарды белсенді қатысуға және таза қоршаған орта үшін күреске өз үлестерін қосуға шақырамыз.

 

 

댓글
기타 기사