Түрмеде сотталғандар арасындағы жанжал өліммен аяқталды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/I8XnMLyYhQnd2istVftIyWSeZ3EZJWQOPySRRltP.webp

Атырау қаласындағы ерлер колониясында сотталғандар арасында болған жанжал адам өліміне әкелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға 22 наурыз күні түзету мекемесінде тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, сотталғандар арасындағы сөзге келіспеушілік төбелеске ұласып, бір адам ауыр жарақат алған.

«22 наурызда Атырау қаласындағы түзету мекемесінде сотталғандар арасында жанжал орын алып, соның салдарынан бір адам алған дене жарақаттарынан қайтыс болды», – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

댓글
기타 기사