Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі 5 жылға сотталды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/80mPvY5YxexTAZfyDr4y7OU6JzjZ0ldQvQfF3zZc.jpg

Жамбыл облысының қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық соты Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі Гүлайым Рахмонованың ісін қарады. Ол адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына байланысты айыпталған, деп хабарлайды "Адырна".

Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) айыпталды. Айта кетейік, аталған бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мемлекеттік айыптаушы соттан Гүлайым Рахмонованы 5 жылға бас бостандығынан айыруды және жазаның орындалуын 5 жылға шегеруді сұраған болатын.

Гүлайым Рахмонова кінәсін мойындаған жоқ.

Сот істің барлық жағдайын, соның ішінде сотталушының асырауында 2 жастан 9 жасқа дейінгі төрт баласы бар екенін ескере отырып мынадай үкім кесті:

1. Негізгі жаза: ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

2. Қосымша жаза: 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

3. Жазаны шегеру: ҚР ҚК 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес (кішкентай балаларының болуына байланысты), жазаның орындалуы 5 жылға шегерілді.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың жазында Алматы – Екатеринбург тас жолының 299-шақырымында ауыр жол-көлік апаты болған еді. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, Рахмоновтың әйелі мен ұлы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

댓글
기타 기사