Үш жасар бала 3 км жерге адасып кеткен

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/84QkXxwZxsZ65n8vmbFS5vknzpolh5g2JFX2mboI.webp

Абай облысында атпен жүрген полицей далада жоғалып кеткен 3 жастағы баланы тауып алды. Бұл туралы облыстық ПД жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

8 сәуір күні Ақсуат ауданында 3 жастағы бала байқатпай үйдің ауласынан шығып кетіп, жоғалып кеткен. Таңертең ерте туыстары іздеуді бастап, шамамен сағат 11:00-де полицияға хабарласқан. Осы сәттен бастап барлық күш дереу жұмылдырылған.

«Полицейлер даланы, әрбір метр жерді тексерді, себебі уақыттың әр минуты қымбат екенін түсінді. Бірнеше сағаттан кейін іздеу барысында атпен жүрген полиция қызметкері айдалада кішкентай баланың бейнесін байқайды. Ол елді мекеннен алыс жерде жалғыз жүрген. Толқығанын жасыра алмаған полицей балаға: «Айналайын, келе ғой…» — деп тіл қатты»,–делінген хабарламада.

Осылайша сағат 14:00 шамасында бала елді мекеннен шамамен 3 шақырым жерден табылған.

 

 

 

댓글
기타 기사