Қостанай облысында «Таза аула» акциясы кең қолдау тапты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/eRl0ic9niuRGH2t1OQTcplNjI8oAdzto4An6woMH.jpg

Қостанай облысында аулаларды абаттандыруға және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза аула» экологиялық акциясы кеңінен қолдау тапты.

17–18 сәуір күндері өңірдің қала және аудан тұрғындары ортақ іске жұмылып, жаппай сенбіліктерге шықты. Акцияға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпорын ұжымдары, жастар ұйымдары, еріктілер және белсенді азаматтар қатысты.

Іс-шара аясында аулаларды тазалау, қоқыс шығару, аумақтарды қураған жапырақтар мен тұрмыстық қалдықтардан арылту, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Әсіресе, тұрғын үйлердің маңайы, балалар алаңдары мен демалыс орындарына ерекше көңіл бөлінді.

Көктем мезгілінің келуімен, Қостанай ауданының тұрғыны Дамир Табулов атап өткендей, қоқыс мәселесі айқын көріне бастайды. Ол бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталды:

— Аулалар мен үйлердің маңын тазалау — баршамызға ортақ іс. Өкінішке қарай, әр адам бірдей белсенділік таныта бермейді. Әрқайсымыз қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауымыз қажет, — дейді ол.

Өңір тұрғындары бастамаға зор ықыласпен үн қосып, бірлескен күш-жігердің арқасында қалалар мен ауылдарды таза әрі көрікті етуге болатынын көрсетті. Акция азаматтық белсенділіктің және өмір сапасын жақсартуға деген ұмтылыстың жарқын үлгісіне айналды.

댓글
기타 기사