ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/I7Wxf2p9XksuGDyp6yRhasRVzu1cCc0XtoUoEWGL.jpg

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасап, терроризм туралы жалған хабарлама үшін жауапкершілік барын ескертті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

ІІМ жарылғыш зат қою немесе қоғамдық қауіпсіздікке өзге де қауіптер туралы жалған ақпаратты байланыс құралдары, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы тарату фактілері тіркеліп жатқанын атап өтті. Министрлік мұндай әрекеттер әзіл, қалжың ретінде жасалса да, қылмыстық құқық бұзушылық ретінде бағаланатынын жеткізді.

«Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, жаппай эвакуацияларға, мемлекеттік органдардың, білім беру, медициналық және басқа да әлеуметтік нысандардың жұмысының тоқтауына әкеледі, сондай-ақ шұғыл қызметтердің елеулі күштері мен құралдарын алаңдатады. Бұл қылмысты жасағаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған»,- делінген хабарламада.

Осыған байланысты полиция азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға, жалған шақырулар мен хабарламалар жасамауға, балаларға терроризм актісі туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік бар екенін түсіндіруге, қауіп-қатері бар хабарламалар алған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырды.

댓글
기타 기사