Иран Ормұз бұғазында контейнер тасымалдаушы кемеге шабуыл жасады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/myZPSVr2oR35kNbCF68uov1CjGSPlNhMjLdjLSQj.jpg

Бүгін, 22 сәуірде Иран Ормұз бұғазында контейнер тасымалдаушы кемеге шабуыл жасады. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мәліметке сәйкес, кемеге жақындаған Ислам революциясы сақшылар корпусы алдын ала ескертусіз оқ жаудырған. Нәтижесінде кеменің басқару көпірі қатты зақымданған.

«Өрт шығу деректері туралы хабарланған жоқ. Экипаж мүшелерінің барлығы аман», — делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен соғыстағы бітімді ұзартатынын мәлімдегенін жазған едік.

댓글
기타 기사