15 жастағы қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде күміс жүлде алды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WhItD4Um1fThLKduX7J2NS79ToKw0TLWeJUfGzEr.jpg

Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Қазақстандық теннисші Ансар Ниетқалиев Қытайдың Ухань қаласында өткен J100 турнирінде үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды "Адырна".

Ансар небәрі 15 жаста болса да, 18 жасқа дейінгілер санатында өнер көрсетіп, жоғары жас тобындағы тәжірибелі қарсыластарымен тең дәрежеде ойын көрсетті.

Финалдық бәсекеде отандасымыз жарыстың бірінші ракеткасы, қытайлық Цзяху Хумен (Jiahu Hu) кездесті. Өзінен жасы үлкен қарсыласына қарсы өткен матчта Ансар екі сетте жол беріп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Ниетқалиевтің Қытайдағы сапары өте сәтті өтуде. Осыдан бір апта бұрын ол Гуанчжоуда өткен ITF World Tennis Tour Juniors (J60) додасында жеңімпаз атанған болатын. 18 жасқа дейінгілер арасында көрсеткен бұл нәтижесі Ансардың әлемдік рейтингтегі орнын айтарлықтай нығайта түспек.

댓글
기타 기사