Белгілі белсінді, дәрігер Бақыт Түменова өмірден өтті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vliTu5s0Graj2emBTDi7XAymVyypTPfsR4bafp85.jpg

Белгілі саясаткер және дәрігер Бақыт Түменова дүниеден озды. Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Беу, дүние! Бақұл бол, Бақыт апа!Еліміздің денсаулықты сақтау саласы, оппозициялық қауымдастық үлкен жоғалтуға ұшырады. 78 жасқа қараған шағында белгілі дәрігер, денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Түменова Бақыт Ниязбекқызы дүниеден өтті»,-деп жазды ол.

Бақыт Түменова 1948 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң 1966 жылы Семей мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, оны 1972 жылы педиатрия мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын осы қаладағы балалардың жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігер болып бастап, бөлім меңгерушісі, бас дәрігер болып 15 жылға жуық жемісті еңбек еткен. 1986-1994 жылдары Облыстық денсаулықты сақтау басқармасы басшысының аналық пен балалықты қорғау мәселелері бойынша орынбасары, бірінші орынбасары қызметінде болған. 1994-1998 жылдары облыс әкімі аппаратында Семей полигонындағы ядролық сынақ зардаптарын жою жөніндегі бөлімнің меңгерушісі, ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1998-2001 жылдары Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымында болған.

Бақыт Ниязбекқызы бүкіл өмірін әлеуметтік сала жұмысына арнаған. 2000 жылдардың басында белсенді азаматтық ұстанымы оны саясатқа алып келді. Ол – «Қазақстанның демократиялық таңдауы» республикалық қоғамдық бірлестігі және «Алға!» халық партиясының бастауында тұрған жандардың бірі.

 

 

댓글
기타 기사