Колледж түлектеріне жаңа жеңілдік. Үздіктер ҰБТ-сыз грантқа түсе алады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wiSZsEiGq6e5zEu77BeYpayDws82hYjWFQxCJfBM.jpg

Еліміздегі кейбір колледж түлектері ҰБТ тапсырмай-ақ университетке түсе алады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері жөніндегі заң жобасы аясында бірқатар өзгеріс ұсынылып жатқанын атап өтті. Айтуынша, ғылыми байқаулардың жеңімпаздарына ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа түсу құқығы берілгені сияқты, енді халықаралық кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздарына, соның ішінде WorldSkills жарысының қатысушыларына да осындай мүмкіндік беру ұсынылып отыр.

«Колледж түлегі өз мамандығы бойынша әлемде үздік атанса, ол да пәндік олимпиада жеңімпазы сияқты құрметке лайық. Сондықтан талантты колледж түлектеріне университеттерге грантқа ҰБТ-сыз түсу құқығын беруді ұсынып отырмыз»,- деді депутат.

Асхат Аймағамбетов қазіргі таңда заң жобасы Мәжілісте бірінші оқылымда қаралып жатқанын жеткізді.

댓글
기타 기사