Трамп Нобель сыйлығына үміткер болуы мүмкін – БАҚ

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

АҚШ президенті 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына үміткерлердің қатарына енуі мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Reuters агенттігі Норвегия Нобель комитетінің хатшысы Кристиан Берг Харвикен мәлімдегенін хабарлады.

Оның айтуынша, биыл сыйлыққа барлығы 287 үміткер ұсынылған. Оның ішінде 208-і – жеке тұлғалар, ал 79-ы – ұйымдар.

Комитет өкілі 2026 жылғы тізімде өткен жылмен салыстырғанда жаңа есімдердің көп екенін атап өтті.

«Қазіргі кезеңде Бейбітшілік сыйлығының маңызы арта түсті. Бүгінде әлемде маңызды бастамалар аз емес, тіпті бұрынғыдан да көп болуы мүмкін», – деді ол.

댓글
기타 기사