Каспий теңізінде тағы да жер сілкінісі тіркелді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/poGwPn07HycemWXKmCSYzWbs0qpOcOiyXcdKKQoF.webp

2 мамырда Каспий теңізі аумағында магнитудасы 3,0 болатын жер сілкінісі болды.  Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызметтің Жер сілкіністерін зерттеу бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Мамандардың мәліметінше, жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 09:50-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 27 шақырым тереңдікте орналасқан.

Сейсмологтар Каспий өңірі сейсмикалық белсенді аймақтардың бірі екенін атап өтеді. Бұл аумақта әртүрлі қарқындылықтағы жер сілкіністері жиі байқалады.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық мамандар Каспий теңізіндегі соңғы жер сілкінісін 15 сәуірде тіркеген болатын.

 

댓글
기타 기사