Каспий теңізі Иран үшін негізгі сауда бағытына айналғаны айтылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5k3Rx1ZFZw4JNwvCXSHrdDUiQ91goKvN2VpecrW2.png

Соғыс жағдайы мен Ормұз бұғазының блокадаға ұшырауына байланысты Иран сауданы Каспий теңізі бағытына қайта бейімдеуге мәжбүр болды. Бұл туралы The National Interest жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Теңіз ел экономикасы мен әскери логистикасы үшін стратегиялық маңызға ие бола түскен. Шетелдік БАҚ мәліметінше, бұған дейін Иран саудасының 90%-ға дейіні Парсы шығанағыарқылы өтсе, соғыс теңіз тасымалының 95%-ға дейінін тоқтатып, солтүстік бағытты аса маңызды еткен.

«Иран тауарлары нарықтарға жетуі үшін Каспий теңізі арқылы өтетін көлік байланыстары енді шешуші мәнге ие», — делінген хабарламада.

Каспий теңізінің бірегей стратегиялық ерекшелігі бар. Ол — тұйық су айдыны, тек бес жағалаулас мемлекетпен қоршалған. Сондықтан теңіз сыртқы әскери-теңіз күштері үшін іс жүзінде жабық.

댓글
기타 기사