Түркия президентінің әйелі Астанадағы сауда орталығын аралады

208
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wRAVfcwkDjbn4bqZ4S5xnRfhEChKyibmogLj7lzf.jpg

Фото: New times

Әлеуметтік желіде Әмина Ердоғанның Астанадағы сауда орталығында жүрген сәтінен түсірілген суреттер қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әмина Ердоған елорда тұрғындары арасында танымал «Еуразия» сауда орталығына барып, дүкен аралаған. Сондай-ақ ол сауда орталығының төменгі қабатындағы азық-түлік, бал, кептірілген жеміс-жидек және жергілікті өнімдер қойылған бөлімдерді де тамашалаған. 

Куәгерлердің айтуынша, Түркия президентінің жұбайын күзет қызметкерлері бірге алып жүрген. Ал сауда орталығының автотұрағында бірнеше көліктен тұратын кортеж күтіп тұрған.

Еске салайық, Режеп Тайып Ердоған 13 мамыр күні Астанаға ресми сапармен келген. Оны әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

댓글
기타 기사