Екпіні қатты "Ақтөбе" кешірім сұрады. Матч кезінде әйелдің бетіне доп тиіп, миы шайқалды

228
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/rnAs5edusSvKnxZYECm0tc8eZFBDkO4ciW9stdPq.jpg

"Ақтөбе" мен "Алтай" командалары арасындағы матч кезінде жанкүйер жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға барысында алаңнан ұшып шыққан доп трибунада отырған көрерменнің бетіне тиген. Зардап шеккен Аянай Елтоқованың айтуынша, соққыдан кейін бірден есінен танып қалған.

"Доп бетіме тиген сәтте қан кетті. Не болғанын түсінбей қалдым. Кейін стадион маңындағы орындықта отырған кезде ғана есімді жидым. Ауруханаға барған соң дәрігерлер жабық бас-ми жарақаты, жұмсақ тіндердің зақымдануы және ауыр дәрежедегі ми шайқалуы диагнозын қойды", – деді ол.

Оқиға кезінде әйелдің жанында жұбайы болған. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылған. Қазір зардап шегуші ұйқысыздық пен бас ауруына шағымданып отыр. Ол стадиондағы қауіпсіздік талаптарының жеткіліксіз болғанын айтып, клубтан моральдық және материалдық шығынды өтеуді талап етпек.

Өз кезегінде "Ақтөбе" ФК өкілдері оқиғаға байланысты ресми кешірім сұрағанын мәлімдеді.

"Клуб тарихында мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отыр. Біз ресми түрде кешірім сұрадық. Жанкүйерге және оның жұбайына бір жылдық абонемент пен клуб жейделерін табыстаймыз. Халықаралық талаптарға сәйкес стадиондарда қорғаныс торлары тек қақпа артына орнатылады", – деді клуб өкілі Әсет Жомарт.

Зардап шеккен әйел стадиондардағы қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін көтерді.

댓글
기타 기사