Қазақстанда аэротакси құны қанша?

72
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/cOc73RLaRrpKZq8gMehd8OMvSuN5TS7N6NH13UmD.webp

Қанат Бозымбаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда аэротакси қызметінің құны қандай болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Вице-премьердің сөзінше, елде аэротакси жүйесін дамыту мәселесі әлі де талқыланып жатыр. Оның пікірінше, пилотсыз ұшу технологиялары алдағы уақытта күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналуы ықтимал.

«Технологиялар өте жылдам дамып келеді. Әуе арқылы жеткізу тез әрі арзан болады. Сондықтан пилотсыз ұшу аппараттары біздің өмірімізге іштен жану қозғалтқышы бар көліктер секілді, бәлкім, одан да тереңірек енуі мүмкін», – деді Қанат Бозымбаев.

Оның айтуынша, бұл салада жеке кәсіпкерлер жұмыс істей алады. Ол үшін белгіленген талаптарға сәйкес келіп, Алатау қаласында қызмет көрсетуге лицензия алу қажет болады.

Сонымен қатар вице-премьер аэротакси жүйесінің болашақтағы жұмыс істеу форматына мысал келтірді. Оның айтуынша, жолаушылар кептелісте ұзақ тұрмас үшін ұшуды алдын ала брондай алады.

«Мысалы, жолаушы Алматы әуежайына ұшып келді делік. Қазіргі кептелісте жолға бір жарым-екі сағат кетеді. Ал әуежай маңына дрондар орналастыру жоспарланып отыр. Адам ұшуды алдын ала брондайды. Қазір болжам бойынша баға шамамен 1 шақырымға 1 доллар болады. Яғни 15 шақырым үшін жолаушы 15 доллар төлеп, діттеген жеріне жылдам жетеді», – деді ол.

댓글
기타 기사