Мұнай бағасының төмендеуі бюджетке әсер етті

262
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4OMmmp3DIeeMQlsXnxBi1s2HRlbVG8tpbYteoK3p.webp

2025 жылы Қазақстанның республикалық бюджетінің кірістері жоспарланған деңгейден төмен болды. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, бюджетке күтілген 21,4 триллион теңгенің орнына шамамен 21,1 триллион теңге түскен. Осылайша, бюджет тапшылығы 336 миллиард теңгені құрады.

Негізгі төмендеу салықтық түсімдер бойынша байқалды — әсіресе корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығынан (ҚҚС) түсетін кірістер азайған. Жалпы салық түсімдері жоспары 730 миллиард теңгеге орындалмай қалды.

Шығындардың бір бөлігі салықтық емес түсімдер есебінен өтелді. Бұл бағыттағы көрсеткіштер жоспардан шамамен 388 миллиард теңгеге артық болды.

Қаржы министрлігінде бұл жағдайды бірнеше фактормен түсіндірді. Атап айтқанда, мұнайдың орташа бағасы бюджетте қарастырылған деңгейден 6 долларға төмен болды, бірқатар елдермен экспорт көлемі 1,7 миллиард долларға қысқарды, сондай-ақ қорғасын бағасы 5 пайыздан астам төмендеді.

Бұған қоса, геосаяси ахуал мен ұлттық валютаның нығаюы да әсер еткен. Бюджетте доллар бағамы шамамен 540 теңге деңгейінде жоспарланған болса, нақты бағам 497,7 теңгені құрады. Бұл валюталық түсімдерді теңгеге айырбастау кезінде бюджет кірістерінің азаюына себеп болды.

Бұған дейін өткен жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджет тапшылығы 4,1 триллион теңгеге жеткені хабарланған еді.

댓글
기타 기사