Ресей шахматшыға іздеу жариялады

220
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2azzyZMd3k2sRtVuVEYnDR1Yc3Og67QjW7izOrWD.webp

Гарри Каспаровқа халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресейлік БАҚ-та шахматшы Гарри Каспаровқа қатысты халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпарат тарады. Мәліметке сәйкес, оған «терроризмді ақтады» және «шетел агенті қызметінің тәртібін бұзды» деген айып тағылған.

Гарри Каспаров — әлемге танымал шахматшы, қоғам қайраткері. Ол Ресейдің Украинаға қарсы соғысына ашық түрде қарсы шығып, Украинаны қолдайтынын бірнеше рет мәлімдеген. Сондай-ақ ол «Ресейдің соғысқа қарсы комитеті» ұйымының негізін қалаушылардың бірі саналады.

Ресейде Гарри Каспаров «иноагент» ретінде тіркеліп, Ресейдің террористер мен экстремистер тізіміне енгізілген. Ал «Ресейдің соғысқа қарсы комитеті» ұйымы РФ аумағында «қалаусыз ұйым» деп танылған.

댓글
기타 기사