Түркістанда мұғалім сот шешімінен кейін өзіне қол жұмсамақ болды

173
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pKcq7Gu6QdHko38jTxveJRsPFSadQXhjZH5DkuyA.webp

Түркістан облысында мұғалім сот ғимаратында өзіне қол жұмсамақ болды

Түркістан облысы Ордабасы ауданында мұғалім сотта өзіне қол жұмсауға әрекеттенген, деп хабарлайды "Адырна".

Оқиға аудандық сотта әкімшілік қамауға алу туралы шешім шыққаннан кейін болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен азамат – 24 жыл еңбек өтілі бар педагог Х. Ерімбетов. Ол 2026 жылдың қаңтар айында М.Х. Дулати атындағы мектеп әкімшілігінің шешімімен Еңбек кодексінің 52-бабы негізінде қызметінен босатылған.

Мұғалім бұл шешіммен келіспей, еңбек инспекциясына шағымданған. Тексеру барысында жұмыс беруші тарапынан заңбұзушылықтар анықталып, оны қызметіне қайта орналастыру туралы екі рет нұсқама берілгенімен, мектеп тарапынан ол орындалмаған.

Кейін педагог сотқа жүгініп, еңбек дауы бойынша іс бірнеше ай бойы қаралған. Осы уақыт аралығында алты баланың әкесі жұмыссыз қалып, банк шоттарының бұғатталғаны айтылды.

28 мамырдағы сот отырысында ол судьяға қарсылық білдіріп, сот залынан шығып кеткен. Ал 3 маусымда сот оны талапты орындамағаны үшін бес тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған.

Үкім жарияланғаннан кейін ер адам өзіне жарақат салған. Қазіргі уақытта ол Ордабасы аудандық орталық ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Оқиғаға қатысты ресми органдар әзірге түсініктеме берген жоқ.

댓글
기타 기사