Түркістан облысында жас түлекке әлемнің 80 университеті грант ұсынды

159
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wgkfzBA2EjHu6VWrNZz9FYnvuTZTjmsErM4kBOAf.webp

Фото: Оқу-ағарту министрлігі 

Түркістан облысындағы ауыл мектебінің түлегі Нұралы Медина әлемнің жетекші жоғары оқу орындарынан 80 шақырту алды. АҚШ, Еуропа және Біріккен Араб Әмірліктерінің беделді университеттері талапкерге оқу мен грант мүмкіндіктерін ұсынған. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Мәлімет бойынша, халықаралық жоғары оқу орындары Нұралы Мединаның академиялық жетістіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және қоғамдық белсенділігін жоғары бағалаған.

Соның нәтижесінде талапкер әлемнің түрлі елдеріндегі ондаған беделді университеттен шақырту алған.

Министрлік мәліметінше, мектеп түлегі халықаралық IELTS және SAT емтихандарын сәтті тапсырып, әлемдік деңгейдегі университеттерге түсуге жеткілікті білім деңгейін көрсеткен.

Нұралы Медина мектеп қабырғасында үздік оқушылардың қатарында болған.

Ол ғылыми, зияткерлік және қоғамдық жобаларға белсенді қатысып, бірқатар республикалық байқауларда жеңіске жеткен.

Атап айтқанда, ағылшын тілі пәнінен өткен «Жасанды интеллект – ғылыми зерттеулердің жаңа мүмкіндігі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-шығармашылық конференцияда І орын иеленген.

Сондай-ақ республикалық «Ой зерек» олимпиадасының жеңімпазы атанған.

Бұған дейін де қазақстандық түлектер шетелдік университеттерден грант ұтып алып жүргенімен, бір талапкердің бірден 80 университеттен шақырту алуы сирек кездесетін нәтиже саналады.

댓글
기타 기사