Қазынаның мүлкі. Мемлекеттік көліктер арнайы жапсырмамен жүреді

225
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GFVEbcHgzXAE8pfY8krwYvx9Kiu5pKNX8ZTQqQWp.webp

Фото: БҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті

Мемлекеттік органдардың автокөліктеріне арнайы жапсырмалар жабыстырыла бастайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Жаңа дизайн бекітілген. Арнайы белгілер мемлекеттік автопарктің барлық көліктеріне орнатылады.

БҚО бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы Мұрат Байсаловтың айтуынша, бұл қарапайым азаматтарға жолдағы мемлекеттік көліктерді оңай ажырату үшін қажет.

Билік мұндай шара қызметтік автокөлікті пайдалану барысына бақылауды күшейтуге көмектеседі деп отыр. Нәтижесінде жеке мақсатта пайдалану жағдайлары мен жол ережесін бұзу фактілері назарға алынбақ.

Ережені сақтамаған мемлекеттік қызметкерлер жауапкершілікке тартылады.

댓글
기타 기사