Иран АҚШ-пен болған қақтығыста өзін жеңімпаз деп есептейді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Vesti.ru-ға сілтеп.
Бұл туралы Ислам Республикасының СІМ Аббас Аракчи мемлекеттік телеарна эфирінде мәлімдеді.
«Соғысты аяқтаудың ең қолайлы сәті – артықшылық өз қолыңда тұрған кез. Біз шынымен де ұрыс алаңында жеңіске жеттік», – деді Аракчи.
Оның айтуынша, Тегеран қақтығыс барысында АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған шабуылдарға тиімді түрде қарсы тұрған.
Сондай-ақ министр Иранның алдағы уақытта да ұлттық мүдделерін қорғау ұстанымынан бас тартпайтынын атап өтті.
Бұған дейін CNN телеарнасы АҚШ Қарулы күштерінің жоғары лауазымды өкілдері Ирандағы жоғары байытылған уран қорларын бақылауға алу мақсатында құрлықтағы әскери операция жүргізу мүмкіндігін қарастырғанын хабарлаған еді. Алайда АҚШ президенті Трамп бұл жоспарды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдаған.
