Ұлытау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

191
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/lJHmf5Zv868GvFb62keR5vBinLPE8uIIqhiPnWiq.jpg

Болат Жұмабеков Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Ол 1972 жылы туған. Ақмола ауылшаруашылығы институтының, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында магистр дәрежесін алған.

 Еңбек жолын 1997 жылы СҚО Тимирязев ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.
 
1999 – 2005 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару комитеті филиалында әр түрлі қызметтер атқарған.
 
2005 – 2009 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы, кейін аудан әкімі болған. 
 
2009 – 2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, кейін облыс әкімінің орынбасары;
 
2012 – 2022 жылдары СҚО Петропавл қаласы, Қызылжар, Ғабит Мүсірепов аудандарының әкімі болған. 
 
2022 – 2024 жылдары коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген. 
 
2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚазАгрЭкс»акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы қызметін атқарды.
 
Болат Серікұлы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, табиғи ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу, ветеринария басқармаларына жетекшілік етеді.

댓글
기타 기사