Желіде жазба жариялаған ер адам жарты миллион теңгеден астам айыппұл арқалады

75
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Ақтөбе облысының Алға аудандық сотында Instagram әлеуметтік желісі арқылы жалған ақпарат таратып, азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген ер адамға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Аудандық сот таратқан материалдарға сәйкес, құқықбұзушы өзінің Instagram парақшасында жәбірленуші туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер жариялаған. Нәтижесінде бұл ақпарат азаматтың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне зиян келтіргені анықталған. Сот отырысы барысында ер адам өз кінәсін толық мойындаған. Сонымен қатар іс бойынша жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Осыған байланысты сот оны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі («Жала жабу») бойынша кінәлі деп танып, 544 950 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

댓글
기타 기사