Қытайдағы әлем кубогы. Абылайхан Жүсіпов те алтын медаль иеленді

144
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/mWRIc8P91FTDJj1Lv2yUZoXSplEd3ph9xSuFRcsR.webp

Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды "Адырна".

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Жүсіпов Үндістан өкілі Дипакты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

Бұған дейін Назым Қызайбай (54 келіге дейін) финалдық жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын.

Ал Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) әлем кубогы кезеңін қола жүлдемен аяқтады.

댓글
기타 기사