Айбек Оралбай Әлем кубогының чемпионы атанды

454
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MHat6tABA9eck5KSCzpLF1dORfvbqHfTorchDUFT.jpg

Фото: olympic.kz

Аса ауыр салмақта сынға түскен әлем чемпионы Айбек Оралбай финалда Германия боксшысы Никита Путиловпен күш сынасып, жеңіске жетті, деп хабарлайды "Адырна".

Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте отандасымыз қарсыласынан басым түсіп, төрешілердің бірауыз шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, қос боксшы 2025 жылы Астанада өткен Әлем кубогының финалында да кездесіп, ол кезде де жеңіс қазақстандық спортшының еншісінде қалған еді.

Жартылай финалда Айбек Оралбай Жоел Рамоспен кездесіп, өте тартысты өткен айқаста 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ширек финалда ол Мэтью Уильямспен жұдырықтасып, толық басымдық танытып, 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Ал 1/8 финалда Нажай Райтпен өткен жекпе-жекте де қарсыласқа еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Айбек Оралбай турнир бойы сенімді өнер көрсетіп, Әлем кубогының чемпионы атанды.

댓글
기타 기사