«Қарызға батырмау керек». ҚМДБ мәһр мөлшерін нақтылады

329
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8uyknarljRdsHy37La1QVISLKNUnqIhbZOsu10HD.jpg

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы неке шарттарының талаптары мен шарттары туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

ҚМДБ неке қию барысында екі жақтың разылығы өте маңызды екенін жеткізді. Айтуларынша, мұнсыз неке заңсыз әрі дұрыс болып есептелмейді. Сонымен қатар некенің жүзеге асуы үшін үйленуші тараптардың сөздері толықтай анық болуы әрі екі жақтың мәлімдемесі бір уақытта және бір жерде, яғни бір мәжілісте айтылуы керек.

Басқарма негізі төрт шартқа да тоқталды. Біріншісі – қыз баланың ата-анасының келісімі мен ризашылығы, екіншісі – куәгерлердің қатысуы, үшіншісі – кедергілердің болмауы және төртіншісі – мәһр.

«Мәһр – ер адамның неке қиылу барысында қалыңдыққа өз ризашылығымен беретін шариғи сыйы. Ханафи мәзһабында мәһрдің ең төменгі шегі 10 дирхам. Сахабалар өмір сүрген заманда 10 дирхам бір алтын динарға тең болған. Бұл қазіргі өлшеммен 4,25 грамм алтын немесе соған тең келетін ақшалай қаражатқа (нарықтағы құнына) сәйкес келеді. Мәһрдің мөлшерін ер азаматтың материалдық мүмкіндігіне қарап, отбасының әлеуметтік жағдайын ескере отырып айтқан жөн. Өйткені мәһр күйеу жігітті қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін қалдыратындай аз болмауы керек»,–делінген хабарламада.

ҚМДБ күйеу жігіттің мәһрді бірден беруге шамасы жетпесе, Исламда оның бір бөлігін алдын ала беріп, қалғанын кейін беруге рұқсат етілетінін атап өтті. 

 

댓글
기타 기사