Елде туристерге салынатын салық үш есеге артты

180
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MQHOuEL4iOyErnpdlFNkRxm6uR9jWApspUfFSMSw.webp

Жапонияда 1 шілдеден бастап елден шығатын жолаушыларға салынатын халықаралық туристік салықтың мөлшері үш есеге өсті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл шешім шетелдік туристермен қатар, ел азаматтарына да қатысты.

Енді Жапониядан шығатын әрбір жолаушы 3000 иен көлемінде туристік салық төлейді. Бұған дейін оның мөлшері 1000 иен болған. Төлем әуе және круиз билеттері және басқа да жол жүру құжаттарының құнына автоматты түрде енгізіледі.

Жапония билігінің мәліметінше, бұрын туристік салықтан мемлекеттік бюджетке жыл сайын шамамен 308 миллион АҚШ доллары түсіп келген. Жаңа мөлшерлеме енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіштің 739 миллион долларға дейін артуы күтіледі.

Үкімет жиналған қаржыны туристердің шамадан тыс шоғырлануынан туындайтын мәселелерді шешуге, танымал туристік бағыттардағы инфрақұрылымды жақсартуға және келушілерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағыттамақ.

Сондай-ақ 1 шілдеден бастап шетел азаматтарына берілетін бір мәртелік визаның құны да өсті. Жаңа тарифтер осы күннен кейін қабылданған барлық виза өтінімдеріне қолданылады.

댓글
기타 기사