Әлем чемпионатының күнделігі. Колумбия Гананы жеңді

199
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2sN34bg3jkGxHwb3bvvsgoLEnGIe0akp34lue2jG.avif

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Колумбия құрамасы Гананы 1:0 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алдығ деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кездесу АҚШ-тың Миссури штатындағы Канзас-Сити қаласындағы «Эрроухед» стадионында өтті. Матчқа Франциядан келген бас төреші Клеман Тюрпен жетекшілік етті. Ойынның 8-минутында колумбиялық шабуылшы Джон Кордоба жарақатына байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды. Ал кездесудің жалғыз голын 14-минутта Джон Арьяс соғып, командасына жеңіс сыйлады.

Колумбия құрамасы топтық кезеңде жеті ұпай жинап, өз тобында бірінші орын алған болатын. Ал Гана құрамасы төрт ұпаймен тобында үшінші орынға тұрақтады. Енді Колумбия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Швейцария құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Аргентина құрамасы 1/16 финалда Кабо-Верде құрамасын қосымша уақытта 3:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ал Мысыр құрамасы Австралияны пенальти сериясында 4:2 есебімен ұтып, 1/8 финалға жолдама алған еді. Келесі кезеңде Аргентина мен Мысыр құрамалары өзара кездеседі.

댓글
기타 기사