Alatau City үшін 4 млрд долларға жуық инвестиция жоспарланған

120
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fChJxTandeXUvssJcRjjJK7MuUG2YtdHvsLJJyVX.webp

Alatau City жобасына тартылуы күтілетін инвестициялар көлемі шамамен 4 млрд АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Қазір инвесторлар тарапынан 50-ден астам жобаға нақты қызығушылық білдірілген.

Alatau City Authority ұйымы бас атқарушы директорының реттеуші саясат жөніндегі орынбасары Арман Тастанбековтың айтуынша, аталған инвестициялық портфель алдын ала келіссөздер жүргізілген жобаларды қамтиды. 

"Қазір инвесторлармен алдын ала келіссөздер жүргізіліп, нақты қызығушылық танытылған жобалар бойынша күтілетін инвестициялар көлемі шамамен 4 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл – 50-ден астам жоба", – деді Арман Тастанбеков.

댓글
기타 기사