Air Astana Дубайға рейстерін уақытша тоқтатты

177
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Hb0TX6efuSm0Efv17OKlfSrjkQ2RPvCaQOuztGVg.jpg

Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Дубайға рейстерді уақытша тоқтататынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.  

Компанияның хабарлауынша, Дубайға ұшатын рейстер 2026 жылдың 21 шілде мен 31 тамыз аралығында орындалмайды. Ал 21 шілдеге дейін жоспарланған рейстер шетелде жүрген жолаушыларды елге қайтару мақсатында жүзеге асырылады.  

Жолаушыларға билет құнын толық көлемде сатып алынған орны арқылы қайтару немесе сапар күнін кейінге ауыстыру мүмкіндігі ұсынылады. Сонымен қатар Air Astana-ның өзге халықаралық бағыттарына қосымша ақысыз қайта брондау қызметі қолжетімді болады.  

댓글
기타 기사