Дастан Сәтбаев пен танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары болды

151
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WWmjzZGVRWPtta3bJnPcPtFTvF0yiTAzuCGUZG3v.webp

Қазақстандық футболшы, Лондонның «Челси» клубының ойыншысы Дастан Сәтбаев пен танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары болып тағайындалды.

2026 жыл Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негізінде Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланған.

Бастама халықаралық қауымдастықтың қолдауына ие болып, БҰҰ-ға мүше мемлекеттер волонтерлік қызметті дамытуға, өзара көмек, жанашырлық және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын кеңінен насихаттауға ниет білдірді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа жаһандық амбассадорлар жастар арасында волонтерлік мәдениетті дәріптеп, қоғамға пайдалы бастамаларды қолдауға үлес қосады.

댓글
기타 기사