Ұлытау әкімі Жезқазғанда инфрақұрылымдық нысандарды аралады

152
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vES4in3q1WhrcTxHyGjJIbj6OmcNRFykNLweXxIu.jpg

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен Жезқазған қаласындағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында өңір басшысы алдымен шаруашылық-ауыз суын тазарту орталығына барып, Жезқазған қаласын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жобаның іске асырылу барысын бақылады.

Одан кейін облыс әкімі Жылу электр орталығында болып, алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексерді. Жауапты тұлғаларға барлық дайындық шараларын 1 қыркүйекке дейін толық аяқтауды тапсырды.

Сапар аясында облыс әкімі Есет Байкен Абай көшесінде жүргізіліп жатқан су құбырларын жаңғырту жұмыстарымен де танысты. Өңір басшысы құрылыс кезінде тұрғындардың үздіксіз сумен қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударуды міндеттеді.

Сондай-ақ облыс әкімі облыстық көпбейінді ауруханада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуы мен медициналық мекеменің қалыпты қызметіне кедергі келтірмей, белгіленген мерзімде аяқталуын қатаң бақылауда ұстайтынын айтты.

Өңір басшысы Жезқазған қаласындағы №8 мектеп-гимназияда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Ол мердігер ұйымдарға барлық жұмысты 15 тамызға дейін аяқтап, білім беру ұйымының жаңа оқу жылына толық дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Аралау қорытындысында облыс әкімі Жезқазғанның сәулеттік келбетін жаңғырту, әлеуметтік және қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту, заманауи ойын-сауық және демалыс орындарын көбейту, инвестициялық әлеуетті арттыру, сондай-ақ абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру бағытында жиын өткізіп, тиісті тапсырмалар жүктеді.

댓글
기타 기사