Жапонияда Димаштың «Aqerke» әнінің жаңа нұсқасы алғаш рет эфирден беріледі

191
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yvhf6ivgBXeBlcHRZohGjEBLoquMB9oF11ZtMVWl.jpg

30 шілдеде Жапонияның Kiryu FM радиостанциясы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған Music Forever бағдарламасының арнайы шығарылымын ұсынады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Dimashnews.com мәліметінше, бағдарлама аясында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы **«Aqerke»** халық әнінің жаңа нұсқасы алғаш рет радио эфирінен беріледі. Kiryu FM радиостанциясы жапон тыңдармандарын Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен 2020 жылдан бері таныстырып келеді. Осы уақыт ішінде эфирде әншінің барлық жаңа туындылары ұсынылып, оның шығармашылығына арналған бірнеше арнайы бағдарлама дайындалған.

Кезекті Dimash Special шығарылымы Dimash Japan Fan Club жанкүйерлер клубы өкілдерінің қатысуымен әзірленген. Бағдарлама барысында «Aqerke» әнімен қатар Love’s Not Over Yet, Kieli Meken, Love of Tired Swans, Daididau, Omir және Olimpico композициялары да эфирден орын алады.

댓글
기타 기사