Ерлан Қарин: Әдепсіз стримерлерді жауапкершілікке тарту – жаңа қоғамдық этиканы қалыптастырудың бірден бір жолы

128
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ujnQTXnDnJ0DauiSGSVgWm1HeMEarBDmkncxWmo6.jpg

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин жаңа қоғамдық этиканы қалыптастырудың маңызы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, өзін-өзі ұстау мәдениетін, жаңа қоғамдық этика қағидаттарын орнықтыру – ұлттың дамуы мен өркендеуінің негізгі алғышарттарының бірі. Бұл бағытқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше мән беріп келеді.

Ерлан Қарин қазіргі қоғамдағы көптеген дау-дамай мен кикілжің азаматтардың қарапайым әдеп нормаларын сақтамауы, өзара құрметтің төмендеуі салдарынан туындайтынын атап өтті. Оның пікірінше, мұндай мәселелердің алдын алудың басты жолы – әр адамның жеке мәдениетін қалыптастыру.

Сондай-ақ ол ұлт сапасын арттыру мен азаматтардың мінез-құлқын өзгерту ұзақмерзімді әрі жүйелі жұмысты қажет ететінін айтты. Бұл бағытта жалаң үгіт-насихаттан гөрі нақты істердің тиімді екенін жеткізді.

Ерлан Қариннің сөзінше, Президенттің тапсырмасымен елімізде осы бағытта бірқатар бастама жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, мектептерде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді, вандализмге қарсы заң қабылданды, табиғи нысандарды қорғау талаптары күшейтілді, қоғамдық орындарда бетті тұмшалап жүруге қатысты заңнамалық норма енгізілді. Сонымен қатар көшеде бейәдеп сөз айтуға тыйым салынып, жол қозғалысы ережелерін сақтау талаптары күшейтілді.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желілерде азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау әрекеттеріне қатысты жауапкершілік қарастырылған. Ерлан Қариннің айтуынша, Ішкі істер министрлігі хайп үшін заң бұзатын әлеуметтік желі қолданушылары мен қауіпті пранк ұйымдастырушыларды жауапкершілікке тартып, олардың әрекеттерін жария түрде көрсетуді қолға алған. Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарының пікірінше, мұндай шаралар қоғамға профилактикалық әсер етеді.

댓글
기타 기사