АҚШ-та Трамп бейнеленген мерейтойлық паспорт шығарылады

111
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8V2jl0U98c8sJ6jEaA2vNYSimVYsiwsXB2tvUyzf.jpg

8 тамыздан бастап америкалықтар елдің 250 жылдығына орай шығарылған «Патриот паспортына» өтініш бере алады. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Ақпаратқа сәйкес, барлығы 250 мың дана мерейтойлық паспорт дайындалады. Оның  барлығы ерекше безендіріледі. Соның ішінде Дональд Трамптың бейнесі де болмақ.

Одан бөлек, паспорттың қауіпсіздік жүйесі мен қорғаныс элементтері кәдімгі АҚШ паспортымен бірдей болмақ.

 

 

댓글
기타 기사