Рақымшылық аясында 1,3 мыңнан астам адам бостандыққа шыққан

167
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0gVjTBrBltCJrlzNEmGJxgPjosbp0xmpSpXAHcsj.jpg

Ішкі істер министрлігі жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заңның іске асырылуы тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Заң күшіне енген алғашқы күннен бастап барлық аумақтық бөлімшелерде жүйелі жұмыс ұйымдастырылды. Біз күн сайын материалдардың уақытылы дайындалуын, олардың соттарға жолдануын және қабылданған сот шешімдерінің орындалуын бақылауда ұстаймыз. Бүгінгі таңда соттарға 10 мыңнан астам ұсыныс жолданды. Оның ішінде 4400-ге жуығы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен, ал 6900-ден астамы пробация қызметтерімен дайындалған»,- деді ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаев.

Қазіргі таңда соттар мыңнан астам материалды қарап шыққан. Нәтижесінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 620 адам босатылған. Олар енді әкімшілік қадағалауда болады.

Пробация қызметінің есебінде тұрған 724 азамат та жазасын өтеуден босатылған. Сонымен қатар 730-дан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылған.

«Айта кету керек, қылмыстық рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды. Әрбір сотталған бойынша материалдар жеке қаралып, түпкілікті шешімді тек сот қабылдайды»,– деді спикер.

댓글
기타 기사