Әнші Димаш Құдайберген әйелге қол көтеретіндерді сынға алды

318
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yvhf6ivgBXeBlcHRZohGjEBLoquMB9oF11ZtMVWl.jpg

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әйелдерге күш көрсетіп, қол көтеретін ер азаматтарды қатаң сынға алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Әнші әйелге күш көрсетуді ер азаматқа абырой әкелетін әрекет деп санауға болмайтынын атап өтті. Оның пікірінше, әлсіз адамға әлімжеттік жасау ерлікке жатпайды.

«Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?! Жұдырықтарың әйелге ғана жүретін болса, сендер еркек емес – малсыңдар болды. Әйелге әлімжеттік жасап абырой жинаймын деу – адамдықтың ең төменгі шегі!» – деп жазды әнші.

Өнер иесі осылайша қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеу қажеттігін айтып, мұндай әрекеттерді ақтауға болмайтынын жеткізді.

댓글
기타 기사