Алматыда автобуста шыққан жанжал жұртты дүрліктірді (ВИДЕО)

722
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/x0em6eGGC960e28Gezh0WvYrQZL1uNFut9UfjuWb.jpg

Алматы қаласындағы №33 автобуста ер адамдар арасында жанжал туындады. Оқиғаның бейнежазбасы желіде тарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, жанжал 20 тамыз күні болған. Қоғамдық көлікте туындаған сөзге келіспеушілік кейін төбелеске ұласқан. Жағдай тіпті пышақтасуға дейін жетуге шақ қалған.

Кадрлардан жолаушылардың төбелеске қатысушыларды ажыратуға тырысқанын көруге болады. Оларға автобус жүргізушісі де қосылған. Бейнеден баланың жылағаны мен адамдардың айқайлаған дауыстары естіледі.

Оқиғадан кейін автобус қозғалысын жалғастырған. Қазіргі уақытта жанжалдың мән-жайы анықталып жатыр.

댓글
기타 기사